Головкиннің қарсыласы ерекше мәлімдеме жасады

Польшалық боксшы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) F) АҚШ-қа келді, ол орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жекке шығады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
E-GAZET.KZ. Ол Флоридада шоу ұйымдастырушылары бөліп берген залда жаттығуын бастап кетті. Жекпе-жек алдында бірнеше күн бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырып алмауы үшін қонақүйде болады.
"Мен бұл жекпе-жектің болғанын қалаймын. Оған аз қалды. Бұл жекпе-жекке жету үшін тырыстым, сондықтан тек қуану керек. Мен рингке дүние жүзіндегі ең мықты боксшының бірімен шығамын", - деді польшалық боксшы.
Шеремета COVID-19-жұқтырып, айығып шыққан. Ол GGG сөзсіз фаворит болса да әлемдік бокс тарихында қалатынына сенімді.
"Бастысы мен, отбасым маған сенеді. Балаларыма қараған кезде осының бәрін солар үшін істеп жүргенімді түсінемін", - дейді боксшы.
Еске салайық, қазақстандық уақыт бойынша жекпе-жек 19 желтоқсан таңертеңгі уақытта өтеді. Шоуды DAZN стриминг сервисі трансляциялайды.
МАЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!
Өзге де өзекті мақалалар:
- Қызылорда облысында көлден 4 адамның денесі табылды
- Apple жаңа AirPods Max құлаққаптарын көрсетті
- Әлемдегі ең биік шың Эверест 90 сантиметрге тағы биік болды
- "Қазгидромет" ауасы ең қауіпті қалаларды анықады
- Алматы "сары" аймаққа оралды
- Атырау қаласы қайта карантинге жабыла ма?
- Қазақстандық актер халықаралық жобада басты рольдердің бірінде ойнайды
- Каспий теңізінде енесін іздеген итбалық желі қолданушыларын тәнті етті
- ДДСҰ: Коронавирусқа қарсы екпені мәжбүрлеу дұрыс емес