Ирина Смирнова: "Цой мырза, мәселені тездетіп шешіңіз!"

Тамыз 24, 2020 | 226 |

Жақында мәжіліс депутаты Ирина Смирнова елдегі медициналық жоғарғы оқу орындарының мәселесін талқылады. Қажетті мамандықтардың жойылып бара жатқанын да атап өткен болатын.

"Тағдыр тәлкегімен Совет одағының түкпір-түкпірінен Қазақстанға келген ғалым-медиктер жергілікті мамандармен медициналық оқу орындарын көтеріп, алып елдің алдына шығарып еді. Олар ұзақ жылдары бойы кәсіби мамандарды даярлады. Қазір сол дәрігерлер әлемдегі үздік мамандар қатарында. Алайда, соңғы уақытта медициналық білім беру жүйесі бүлініп жатыр. Медициналық білім ордаларын да кітапханалардың жойылып жатқанына не айтуға болады", – деп жазды депутат facebook.com парақшасында.

Парламент мәжілісіінң депутаты педияторлар мен эпидемиологтардың мәселесін де көтерген.

"Дәрігерлер дабыл қағып жатыр. Медицина саласын қиратуды тоқтату керек! Алексей ЦОЙ, осы мәселені жуық арада шешіңізші. Соңғы оқиғалар біздің бұрынғы медицинамыздың мықты болғанын көрсетеді. Мәселен Қытай, Вьетнам, Куба, Ресей коронавирусқа қалай тойтарыс берді. Америка, Ұлыбритания, Италияның қандай қиындыққа тап болды", – деп жазды Смиронова.

Қазірде Қазақстан коронавирустық инфекцияны көп жұқтырған елдердің қатарында келе жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, COVID-19 инфекциясы ең көп тараған мемлекеттер арасында Қазақстан 26 орында тұр екен.

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: