Камил Шеремета: Көгерген көз, қақсаған жақ жазылар, намысты қайтемін?..

Желтоқсан 21, 2020 | 1016 |

Польшалық боксшы Камил Шеремета Геннадий Головкиннен жеңілгеннен кейінгі жағдайын айтты. Мұны ол әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды nege.kz

E-GAZET.KZ. «Қиын болатынын білдім. Генаның әр соққысы оңбай тиіп жатты. Құладым, тұрдым да қайта жалғастырдым. Жетінші раундтан соң төреші келді де, менің қауіпсіздігім үшін кездесуді тоқтататынын айтты. Бұл дұрыс шешім еді. Одан әрі де ештеңе өзгерте алмас едім. Головкин жоғарғы лигада ғой.

Жеңіліп қана қойғаным жоқ, аса құнды тәжірибе жинадым. Бұған дейін өткізген 21 кездесуімнің бәрінен осы құнды болды. Үйге қайтам, сүйікті отбасыма барам. Әзірге ештеңе ойлағым келмейді. Көгерген көз, қақсаған жақ жазылар, намысты қайтемін?..», – деп ағынан жарылыпты Шеремета.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: