"Қазақ тағамдарын пісіреді". Алматылық зейнеткер YouTube жұлдызына айналды

Желтоқсан 25, 2020 | 564 |

Алматылық зейнеткер Гүлдана Жұмашева танымал фуд-блогер атанды. 3 жыл бұрын мұғалім YouTube-та қазақ тағамдарын дайындап, видео түсіре бастаған. Осы уақыт ішінде ол 250 видео түсірген. Қазіргі таңда оның 140 мыңнан аса көрермені бар, - деп хабарлайды "Хабар-24".

E-GAZET.KZ. Зейнеткер журналистерге түркі халықтарының ежелгі мерекелік тағамы - нарынның қалай жасалатынын айтып берді.

Гүлдана апай тағамға дәмдеуіш пен шөпті көп қоспайтынын атап өтті. Себебі, ол нарынның шынайы дәмін кетіреді. Аспаз нарынды тек жылқы етінен дайындайтынын, қамырды тек қолмен илейтінін айтады. Ол ең бастысы етті жұқа кесіп, оны жиі араластыру керегін жеткізді. Кейін мұның бәрі сорпаға салынады.

"Мен ата-бабаларымыздың бірегей рецептісін сақтап, жастарға беруге тырысамын. Әрине, жаңашылдық енгізуге, лайфхак ойлап табуға болады. Қазір ол сәнге айналып кетті ғой. Бірақ олай жасамаймын. Мен үй шаруасындағы әйелдердің тарихымызды біліп, оны балаларына айтқанын қалаймын. Сондықтан өзімнің YouTube арнамды аштым.

"Барлық комментатор менің рецептеріме оң бағасын беріп жатады. Бұл маған жаңа видео түсіруге мотивация береді", - дейді алматылық зейнеткер.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: