Қазақстандық актер халықаралық жобада басты рольдердің бірінде ойнайды

Желтоқсан 08, 2020 | 185 |

Қазақстандық актер Расул Усманов халықаралық жобада басты рольдердің бірінде ойнайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Музыкалық жас көрермен театры баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

E-GAZET.KZ.  2020 жылдың 16-31 желтоқсан аралығында Санкт-Петербург қаласының Музыкалық комедия театрының сахнасында француз композиторы Клод-Мишель Шенбергтің "Мисс Сайгон" мюзиклы өтеді.

Қойылыммен кезінде аты аңызға айналған "Бал вампиров" мюзиклінің ресейлік нұсқасымен жұмыс жасаған голландық режиссер Корнелиус Балтустың жетекшілігіндегі халықаралық топ айналысады. Театр ұжымының айтуынша, ұлттық колоритті көрсету мақсатында көп кезеңді кастингтен әртістердің ең мықты құрамы жиналды.

Олардың көбі петербугтік көрерменнің алдында алғаш рет өнер көрсетпек. Солардың бірі - танымал кино және театр актері, "Сахнагер-2019" Ұлттық театр жүлдесінің лауреаты, Нұр-Сұлтан қаласында алғаш ашылған Музыкалық жас көрермен театрының жетекші актері Расул Усманов. Расул негізгі құрамдағы басты ролдердің бірінде (Туи) ойнайды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрының басшылығы мен ұжымы жоба ұйымдастырушыларына және қойылымның барлық актерлеріне сәттілік тілеп, жасалған істен толықтай ләззат алуларын тіледі. 

МАЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: