Кім кімді нокаутқа жібереді: Головкиннің жекпе-жегіне болжам жасалды

Желтоқсан 18, 2020 | 710 |

Британиялық БАҚ Геннадий Головкин мен поляк боксшысы Шереметаның алдағы жекпе-жегіне болжамын назарға ұсынды деп хабарлайды Sports.kz.

E-GAZET.KZ. Proboxing-Fans.com журналисі Пол Мейсон қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің поляк боксшысы Камил Шереметамен өтетін жекпе-жегіне болжам жасап, Головкин қарсыласын нокаутқа жіберетініне сенім білдірді.

"Головкин өзінің жұлдызды мансабының соңғы сатысында тұрса да, ол алдағы уақытта салмақты жекпе-жектерге көз тігуде және ол бұл жоспарларын Шереметаның бұзуына жол бермеуі керек. Екінші жағынан, поляктың Головкинді әбігерге салуға немесе оған әдеттегідей қарқынмен соққылар жасауға мүмкіндік бермейтіндей күші жоқ, сондықтан мен мұнда GGG-дің нокаутынан басқа ештеңе көріп тұрған жоқпын. Жекпе-жек төртінші раундқа дейін аяқталуы мүмкін және жекпе-жек жартысына жеткен уақытта аяқталуы ғажап емес", - деп жазады автор.

Еске салсақ, Геннадий Головкин мен Камил Шереметаның жекпе-жегі 18 желтоқсанда өтеді.

Қазақстандық жанкүйерлер бокс кешін 19 желтоқсанда "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарынан таңғы 4-тен бастап тікелей эфирде көре алады. Головкин-Шеремета жекпе-жегі Нұр-Cұлтан уақытымен шамамен 07:00-де басталады. Боксшылар АҚШ-тың Флорида штатында өткен баспасөз мәслихатына қатысып, одан кейін көз арбасу рәсімін өткізді.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: