Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде қанша табыс тапты

Қазан 26, 2020 | 441 |

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC дебютінде бразилиялық Алекс Оливейрмен кездесіп, оны жеңіп кетті. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары бұл үшін отандасымыздың қанша сыйақы алатынын жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

E-GAZET.KZ.    Sportеkz порталына мәлім болғандай, Шавкат өткен демалыс күндерінде өткен жекпе-жекте 37 500 доллар табыс тапқан.

Рахмонов октагонға шыққаны үшін 10 000 доллар,

жеңісі үшін де 10 000 доллар,

UFC-дің жарнамалық бонусы - 3500 доллар болса,

сонымен бірге бразилиялық қарсыласының салмағы белгіленген шектен асып кеткені үшін Шавкатқа 20% мөлшерінде айыппұл төлейді, ол сома 14 000 долларға тең.

Айта кетсек, Оливейр бұл жекпе-жектен 61 000 доллар тапты, дегенмен кепілдендірілген жарна $ 70,000 болған еді. Оливейр UFC-ден 5000 доллар көтермелеуші бонусқа ие болды.

Өзге де соңғы жаңалықтар Telegram желісінде, бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: