Талдықорған қаласындағы көпқабатты үйлердің қасбетіне Бейсен Құранбектін муралы салынуда

Тамыз 14, 2020 | 520 |

Талдықорғанда танымал қазақстандық журналист, автор және жүргізуші Бейсен Құранбек бейнеленген мурал жасалуда, - деп хабарлайды e-gazet.kz.

Сурет "Жетісу" телеарнасының кеңсесінің жанында пайда болады. Муралдың авторы - жас суретші Еркеғали Иманғали.

"Біз үшін Бейсен Абайұлы тек журналист емес. Мұғалім, аймақтың дамуына үлес қосқан адам, көптеген жас журналистерді оқытып, қазақстанның түкпір-түкпірінен келген мыңдаған адамдардың мәселелерін шешкен тұлға. Бұл жобаны жүзеге асыру мен үшін үлкен мәртебе", - деді суретші.

Бейсен Абайұлы Құранбек - қазақстандық журналист және тележүргізуші. Көп жылдар бойы Qazaqstan TV арнасында "Айтуға оңай" авторлық бағдарламасын жүргізген. Соңғы жұмыс орны - "Жетісу" телеарнасының бас директоры. 

2020 жылы 18 мамырда Бейсен Құранбек аурудан қайтыс болды.

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: