Тасмағамбетов қиын-қыстау сәтте халқының жанынан табылды

Шілде 22, 2020 | 343 |

Қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетов Атырауға 26  миллион 450 мың теңге көлемінде дәрі-дәрмек және 50 миллион тұратын 5 ИВЛ аппарат жөнелтті.

Бүгін "Иманғали" мешіті дәрі-дәрмек тиелген жеті көлікті аудандарға аттандырды. Дәрілер Атырау қаласында және облысқа қарасты барлық жеті аудан бойынша науқастанып, ем қабылдап жатқан 3000-нан астам адамға еріктілер арқылы таратылады.

Ескерерлігі, дәрілер үй жағдайында ем алып жатқан науқастарға үлестіріледі. Қазіргі уақытта  амбулаторлық жағдайда ем алып жатқан тұрғындар үшін бұл үлкен демеу болары анық. Дәрі-дәрмек дәрігер нұсқаулығына сай жазылған рецепт бойынша таратылатын болады.

Айта кеткен жөн, дәрілер мешіттерде таратылмайды. Науқастар 8707 300 60 09, 8 708 524 9894 және 8700 752 19 95 уатсап номерлеріне хабарласа алады. Көрсетілген мекен-жайға "Иман жастары” еріктілері және жастар дәріні жеткізіп беретін болады. Сонымен бірге, “Сəби” қоры Атырау халқына жалпы құны 50 миллион теңге болатын 5 ИВЛ яғни, жасанды тыныс алу аппараттарын жолдады.

"Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы атымтай жомарт ағаларды қиын жағдайда көмек қолын созуға үндеген болатын. Алланың қалауымен дүйсенбі күні аппараттар Атыраудағы емдеу орталықтарына табысталатын болады. Және “Сəби” қорының қолдауымен тағы осындай 5 ИВЛ аппарат әкелінеді деп күтілуде" дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: