Тоқаев мырза, мешіттерді ашыңыз!

Тамыз 06, 2020 | 126 |

 Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА видео үндеу жолдаған жаңаөзендік азаматтар сотқа шақырту алыпты. Енді маңғыстаулық жамағаттың мүшелері жауапты сот алдында береді, хабарлайды e-gazet.kz.

«Тоқаев мырза, біздің үндеуде ешқандай жеке мүде жоқ. Біз еліміздегі мешіттердің ашылуын, емін-еркін құлшылық жасауды талап етеміз. Санитарлық дәрігердің қаулысында барлық мекемелерге, банктерге, ойынханаларға, кафелерге тағы басқа орталықтарға белгілі бір режиммен қауіпсіздік шараларын қолданумен жұмыс жасауға жағдай қарастырылған. Алайда, ата-бабамыз ұстанған дінге келгенде мешіттеріміз жабық. Іші бос, қаңырап тұр. Тоқаев мырза, біз төрт ай сабыр сақтадық. Қашанғы күтеміз. Қол астыңыздағы қызметкерлерге тапсырма беріңіз. Мешіттер ашылып, ішінде емін-еркін құлшылық жасауға жағдай жасауды қарастырсын. Осында тұрған барлығымыз. Осы елге қызмет жасап салық төлеушіміз. Біз билікке қарсы емеспіз. Бірақ мешіттеріміздің жабық тұрғанына наразымыз», –  видеода делінген екен. 

Видеода 14 адамның ішінде төрт шақты азамат әкімшілік сотқа "карантин режимін бұздыңдар деген айыппен" шақырту алған.

«Өз басым базарда жұмыс жасаймын. Жүздеген адам жүреді. Мешіттерге де қауіпсізідк шарасын күшейтіп, басқа да жолдарын тауып жамағат кіргізсе дейміз. Бұл ойымызды айтпақ болып Жаңаөзен қаласы әкімдігіне барғанбыз. Әкім шықпады. Орынбасарын жібереді. Сосын амалсыз бірден президентке шығып жатырмыз. Бізді қалада мыңдаған адам қолдайды. Пандемия карантин дейді. Бірақ қалада атын айтуға ұялатын жерлер жұмыс жасап жатыр. Кішкентай қала болған соң оны ел көріп отыр, айтып жатыр», – дейди жаңаөзендік жамағаттың мүшесі.

Айта кететін жайт, Қазақстан мешіттері пандемияға байланысты жабылған болатын. Демек намаз оқуға рұқсат әлі де берілген жоқ.

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: