Жанар Айжанова қызының жасауына кірген ерекше зат

Тамыз 17, 2020 | 547 |

Жақында ғана құдағи атанған Жанар Айжанова қызының жасауына ерекше дүние қосты, хабарлайды e-gazet.kz.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жазды.  "Тамара тума талант, он қолынан өнері тамып тұр. Оны бәріңіз білесіздер, ал салт- дәстүрге келгенде алдына жан салмайды. Қамбарға тиген қызда арман болмас. Дайын ене, шежіре, мейірімді ана. Келінге одан артық қандай ене керек? Қазіргі кезде қыз жасауынан шетбұзау болып, ұмытылып бара жатқан самаурынды қайта жаңғыртып дүйім елдің есіне салдың. Рахмет, айналайын сіңілім. Ниетіңе тойып отырмын. Екі дүниелік абырой берсін Алла. Айжұлдызға аманатыңды өз қолыммен тапсырдым. Аман бол" - деп жазды Жанар Айжанова.

Соған қоса, Жанар Айжанова қыз жасауына самаурын беру салты ұмыт болып бара жатқан дәстүрді жалғастырған Тамара Асарға мың алғысын айтты.  Еске сала кетейік, Тамар Асар қазақтың ұмыт болып бара жатқан самаурынын қайта жаңғыртуда.

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: