Жәнібек Әлімханұлы жасаған нокаут "Жыл нокауты" болып танылды

Желтоқсан 30, 2020 | 723 |

Бұл туралы ол желідегі жеке парақшасында жария етті, деп жазады nege.kz

E-GAZET.KZ.   "Құтты болсын, Қазақ елі! Қазақ баласы QAZAQ STYLE Жәнібек Әлімханұлы жасаған нокаут ЖЫЛ НОКАУТЫ болып тіркелді. Бұл ел үшін үлкен абырой", деп жазды боксшы.

Еске салсақ, бокс кеші қазан айының басында АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегаста өткен болатын. Қазақ стилін әлемдік аренада танытып жүрген Әлімханұлының сол кештегі қарсыласы  аргентиналық Гонсало Кория  еді. 

27 жастағы қазақ боксшысының қарсыласы да осал болмады. 23 жасқа жаңа толған аргентиналық Гонсало Кория (16-3, 6 КО) жас та болса тәжірибелі. Алайда  9 раундқа жоспарланған кездесуді отандасымыз екінші раундта ауыр нокаудпен аяқтады. Кория сол соққыдан көпке дейін есін жия алмаған еді.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: