• Басты бет
  • Әлем
  • «Әй, Макгрегор, Жаңа Хабиб сені мүгедек-арбаға таңады»

«Әй, Макгрегор, Жаңа Хабиб сені мүгедек-арбаға таңады»

Қыркүйек 23, 2020 | 119 |

Менеджер Али Абдель-Азиздің пікірінше, аралас жекпе-жек шебері ирландиялық Конор Макгрегор Жаңа Хабиб аталып жүрген швед спортшысы Хамзат Чимаевқа шамасы жетпейді.

E-GAZET.KZ. «Чимаев оны мүгедектер арбасына отырғызып қояды. Есі кеткен спортшылармен жекпе-жек ұйымдастырмас едім. Конор – сондайлардың бірі», – дейді Абдель-Азиз. Осылайша, ол октагонда күш сынасу кезінде ирландиялықтың жеңілетінін болжап отыр. «Хамзат оны өлтіріп тастайды», – дейді менеджер.

Абдель-Азиз Чимаевтың да, Хабиб Нурмагомедовтің де өкілі болып табылады. Соңғы кездері жұрт Швеция атынан өнер көрсетіп жүрген ұлты шешен спортшы Чимаевты Хабибпен жиі салыстырып жүр.

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: