Әнші Айқын Төлепбергенде коронавирус анықталды

Маусым 29, 2020 | 3147 |

Әнші Айқын Төлепберген COVID-19 жұқтырды. Бұл туралы әнші өзінің Instagram арақшасында жазды, хабарлайды e-gazet.kz. 

"Мына жаңа пневмония деген бәле маған да жетті. Екі күн дене қызуым көтеріліп жатып қалдым. Парацетамол іштім, дәрі іштім, капельница қойдым, ақыры қоймады. Амал жоқтан ауруханаға жатқызды. ПТР-ға тапсырдым, әлі дайын болмады. Мені қайта аяққа тұрғызып, тәубетімді қайтарған барша медицина қызметкерлеріне алғысым шексіз. Шынында, осы жерде ғана олардың тынбай, науқастардың жанын сақтауда еңбек етіп жатқанын көресің. Өкінішке қарай, мен де коронавирустың жаңа түрін жұқтырған 10 миллион адамның бірімін. Бірақ жағдайым дәрігерлердің арқасында жақсарып келе жатыр", - дейді әнші.

Төлепберген аурудың барына сенбейтіндерге үндеу жасады. 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: