• Басты бет
  • Әлем
  • 100-ден астам саркофаг пен алтын жалатылған мүсіндер табылды

100-ден астам саркофаг пен алтын жалатылған мүсіндер табылды

Қараша 16, 2020 | 92 |

Мысырда жаңа жәдігерлер, екі жарым мың жылдан астам уақыт сақталған жүзден астам саркофаг, жерлеу орындары мен ондаған мүсін табылды

E-GAZET.KZ. Ғалымдар тереңдігі шамамен 12 метр болатын үш жерлеу құдығын ашты. Артефактілер өте жақсы сақталған, деп хабарлайды Қазақпарат

Ғалымдар бұл жерде жергілікті ағаштан жасалған саркофагты шығаратын үлкен шеберхана болған деп болжап отыр. Егер ол табылса, ол египетология тарихындағы ең ірі және құнды жәдігерлердің қатарына кіруі мүмкін.

Мамандар Пирамидалардан оңтүстікке қарай 16 км жерде орналасқан Саккараның алып қорымында бірнеше ай бойы жүргізіп жатқан қазба жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Ол жерге жақын маңда осы өркениеттің гүлденуі кезінде Ежелгі Египеттің астанасы болған Мемфис орналасқан.

Ғалымдардың айтуынша, әзірге Саккарада жасырынып жатуы мүкін артефактілердің тек бір пайызы ғана табылған.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: