АҚШ Covid-19-ға қарсы вакцинаны өз халқына тегін таратады

АҚШ билігі Covid-19-ға қарсы вакцинаны барлық азаматтар үшін тегін таратуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды zakon.kz.
E-GAZET.KZ. Америкалық Pfizer және немістің BioNTech компаниялары бірлесіп әзірлеген болашақ вакцинаның тиімділігі клиникалық сынақтар 90%-дан асып түскен.
АҚШ бұл вакцинаны тіркетуге осы қараша айында-ақ өтініш бермек.
"Вакцина Американың барлық тұрғындары үшін тегін болады. Көптеген елдер өз халқына тегін тарататын шығар, деп ойлаймын", - деді Pfizer компаниясының басшысы Альберт Бурла "The Hill" басылымына.
Қазақстанда тегін вакцинаға тек 2,8 млн адам ғана үміттене алады, қалған халыққа ақшасын дайындай беру керек. Қазақстанда "вакцинаның бағасы 5 мың теңгеден аспайды" деген жоспар құрылып қойған.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!
Өзге де өзекті мақалалар:
- · Түркістанда сауда орталығынан 7 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды
- · Оңтүстік Кореяда қайтыс болған отандасымыздың денесін туыстары елге жеткізе алмай отыр
- · Елімізде бір тәулікте 564 адамнан коронавирус анықталды
- · Қазақстанда тағы бір облыс "қызыл аймаққа" енді