АҚШ-тағы Президент сайлауы: Кім жеңеді?

Қараша 04, 2020 | 79 |

Бүгін америкалықтар үшін маңызды күн.АҚШ халқы алдағы 4 жылда билік басына кім келетінін шешеді, деп жазады nege.kz

E-GAZET.KZ. Қазірге дейін 100 млн-ға жуық америкалық мерзімінен бұрын дауыс беріп, өз таңдауын жасапты. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Саяси доданың нарықтағы ахуалға әсері қандай? Сарапшылар сайлау нәтижесі жайлы не дейді? Тілші: – Сарапшылардың пікірі сан түрлі. Бірақ жүргізілген әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша Джо Байден алда келеді. Букмекерлік кеңселер де бұрынғы вице-президенттің жеңісін болжап отыр. Алайда бәрі 2016 жылғыдай әп-сәтте өзгеріп шыға келуі мүмкін.

AҚШ-тыңбірнеше елді мекенде дауыс беру басталып кетті  Америкалықтар бүгін тек Ақ үй басшысын ғана емес, вице-президентті, Өкілдер палатасының бүкіл 435 мүшесін, 35 сенатор және бірнеше штат мен аймақтың 13 басшысын да таңдауы тиіс. Дегенмен әлем назары президент сайлауына ауып отыр. Бүгінге дейін 100 млн-ға жуық америкалық мерзімінен бұрын дауыс беріп қойған. Бұл – бұрын-соңды болмаған үлкен көрсеткіш. Көбі пошта арқылы дауыс беріпті. Өйткені коронавирусқа байланысты учаскелерге баруға қорықса керек. Жергілікті заң бойынша халық саны 100-ден аз елді мекендерге түнгі 00:00-ден бастап дауыс беруге болады. Сөйтіп Нью-Гэмпшир штатындағы Диксвилл-Нотч және МИллсфилд жұрты өз таңдауын жасап үлгерген. Тіпті дауыс беру нәтжелері де саналып қойыпты. Сөйтіп Миллсфилдте 21 сайлаушының 16-сы Трампты қолдаса, Диксвилл-Нотч елді мекенінде 5 дауыс жинаған Джо Байден жеңіске жеткен.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

 

 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: