• Басты бет
  • Әлем
  • Алаңғасар азамат қателесіп, 26 мың долларын қоқыс жәшігіне лақтырып жіберген

Алаңғасар азамат қателесіп, 26 мың долларын қоқыс жәшігіне лақтырып жіберген

Қараша 06, 2020 | 470 |

Кувейтте жүрген мысырлық азамат 26 мың долларын жаңылысып, қоқыс жәшігіне лақтыра салған деп жазады golos.ua.

E-GAZET.KZ.  Ол сегіз мың кувейт динары салынған сөмкені (26 мың доллардан сәл асатын сома) қоқыс жәшігіне лақтырғанын бірден ұқпаған.

Ер адам банктен ақшаны алып, полиэтилен пакетке салады. Кейін қоқыс лақтыруға шыққанда, пакеттерді шатастырып, қоқыс жәшігіне ішінде 26 мың доллар бар дорбаны лақтырып жіберіпті.

Үйіне келгенде ақшаны таппаған ол бірден қоқыс салатын контейнерлерге жүгіреді. Өкінішке қарай, қоқыс жәшігіндегі қалдықтардың бәрі полигонға жіберіліп қойған екен.

Ер адам полиция бөлімшесіне барып, қаражатынан айырылып қалғаны туралы арыз жазады. Ол арызына банктегі есепшоттан ақша алу туралы чек көшірмесін қоса тіркеген. Тұрғынның арызындағы мәліметтердің рас-өтірігі тексеріліп жатыр.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: