Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 62 миллионнан асты

Қараша 29, 2020 | 90 |

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 62 миллионнан асты. Мұндай деректерді 29 қарашада таңертең америкалық Джонс Хопкинс университеті келтіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

E-GAZET.KZ. Университет мәліметінше, бүкіл әлемде коронавирус анықталғандардың жалпы саны 62 150 421 адам, 1 450 338 адам қайтыс болды.

Әлемде вирус жұқтырғандар саны АҚШ-та (13 233 022) ең көп. Сондай-ақ, жағдай ушығып тұрған елдер тізімінде Үндістан (9,35 миллион), Бразилия (6,23 миллион), Франция (2,26 миллион) және Ресей (2,22 миллион) кіреді.

Кеше, 28 қарашада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша рекорд көрсеткіш тіркеді: әлемде 747 082 жаңа жағдай анықталған болатын.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: