• Басты бет
  • Әлем
  • Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 50 миллионнан асып кетті

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 50 миллионнан асып кетті

Қараша 09, 2020 | 107 |

Әлемде COVID-19 жұқтырғандардың саны 50 миллионнан асты, оның 1 255 250 жағдайы өліммен аяқталған.

E-GAZET.KZ.  Әлемде инфекцияны жұқтырғандардың саны 50 316 476-ға жетті.

Қазіргі уақытта Еуропа қайтадан пандемияның эпицентріне айналуда. Бұл құрлықта қауіпті дерттің расталған 12,6 миллион жағдайы тіркелген. Оның 305 700-і өліммен аяқталды.

Өткен аптада әлем бойынша анықталған 3,9 миллион науқастың жартысынан көбісі (2,1 миллион) Еуропаның тұрғындары болып табылады.

Соңғы жеті күнде індеттің ең көп жаңа дерегі Францияда тіркелді - 381000 жағдай. Сонымен қатар Италия (223000), Ұлыбритания (160 000), Польша (159 000) және Испанияда (143 000) да қауіпті дертті жұқтырғандар күн сайын артып жатыр.

COVID-19 вирусы көп тіркелген елдер тізімі:

Америка Құрама Штаттары - 9 961 324,

Үндістан - 8 507 754,

Бразилия - 5 664 115,

Франция - 1 835 187,

Ресей - 1 760 420,

Испания - 1 328 832,

Аргентина - 1 242 182,

Ұлыбритания - 1 195 350,

Колумбия - 1 143 887,

Мексика - 967 825.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

 

 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: