• Басты бет
  • Әлем
  • Аргентина президенті Марадонаның қазасына байланысты үш күндік аза тұту жариялады

Аргентина президенті Марадонаның қазасына байланысты үш күндік аза тұту жариялады

Қараша 26, 2020 | 204 |

Аргентина президенті Альберто Фернандес Аргентина құрамасының бұрынғы капитаны Диего Марадонаның қазасынан кейін елде үш күндік аза тұту жариялады. Сонымен қатар ол өзінің жұмыс сапарларын тоқтатты.

E-GAZET.KZ.  "Марадона бүкіл әлем үшін Аргентинаның бейнесі болды, ол бізге үлкен қуаныш сыйлады, біз оған мәңгілік қарыздармыз", - деп келтіреді Фернандестің сөздерін ТАСС.

Бүкіл елде мемлекеттік тулар түсіріліп, ойын-сауықтар тоқтатылды. Теледидар арналары футбол жұлдызының өмірі, мансабы және жеңістері туралы әңгімелеуде.

Аты аңызға айналған спортшының өлімі президенттің күнтізбесінде көрініс тапты. Ол Санта-Фе және Чако провинцияларындағы бейсенбі мен жұмаға жоспарлаған жұмыс сапарларын тоқтатты.

Әлемге әйгілі футболшы кеше, 25 қарашада қайтыс болды. Оның өлімінің алдын ала себебі инфаркт болды деп болжануда.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: