• Басты бет
  • Әлем
  • Армения Әзербайжанның Қарабақ астанасын бомбалаған видеосын көрсетті

Армения Әзербайжанның Қарабақ астанасын бомбалаған видеосын көрсетті

Қазан 05, 2020 | 90 |

Арменияның Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Шушан Степанян Facebook желісіндегі парақшасында Таулы Қарабақ Республикасының (мойындалмаған) астанасы Степанакертке жасалған соққының видеосын жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости

E-GAZET.KZ.  Роликтің басында дабыл естіледі, кейін Әзербайжан тарапынан бомбаның соққысын көруге болады. Видеоның екінші бөлігінде соққының салдары: адамдардың көліктері, үйлердің қирағаны, снарядтардың қалдығы көрсетілген.

Еске салайық, 27 қыркүйекте Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады.

Себебі Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения Қарулы Күштері Қарабақтағы елді мекендерге оқ жаудырғанын мәлімдеді, осы ақпараттарға сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Армения ҚМ мәлімдеуінше, Карабақ "әуе және зымыран шабуылына тап болған", Армения Әзербайжанның екі тікұшағы мен үш ұшағын жойғанын хабарлады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: