Беларусь бірқатар елмен шекараны жапты

Қазан 30, 2020 | 119 |

Көрші елдерде эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты Беларусь жерүсті транспортымен өз аумағына кіруді уақытша шектеді. Бұл туралы Мемлекеттік шекара комитетінің ресми өкілі Антон Бычковский мәлімдеді.

E-GAZET.KZ.   Өткізу пунктері арқылы Латвия, Литва, Польша және Украина елдерінен азаматтардың жекелеген санатына кіруге рұқсат жоқ. 

Бұл тыйымның дипломатиялық және қызметтік паспорттармен құжатталған дипөкілдіктер мен консулдық мекемелердің қызметкерлеріне, автомобильмен халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлік жүргізушілеріне, халықаралық теміржол бағыттарының пойыз және локомотив бригадаларына қатысы жоқ. 

Өзге де соңғы жаңалықтар Telegram желісінде, бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: