Бельгияда COVID-19 жұқтырғандар саны 100 мыңнан асты

Қыркүйек 22, 2020 | 71 |

Еуроодақ пен НАТО-ның штаб-пәтері орналасан Бельгияда коронавирус індеті өршіп тұр.

E-GAZET.KZ. Аймақта әлем бойынша жан басына шаққандағы өлім-жітімнің ең үлкен көрсеткіші тіркелген. Бүгінде инфекциядан көз жұмғандардың саны 10 мыңға жуықтады. Ал пандемия басталғалы індеттің ілмегіне ілінгендердің қатары 103 мыңға жетті. Мамандар аурудың екінші толқынына қызу дайындалып жатыр. Әзірге ел аумағы бойынша ауруханаларда тек 500 адам бар. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 60%-ке артық. Шамамен 80 адам жансақтау бөлімінде. Осыған орай дәрігерлер тұрғындарды қауіпсіздік шараларды сақтап, карантин талаптарына бағынуды сұрайды.

Жергілікті тұрғын Анн Ронж: "Халық өзін ғана ойламау керек. Маскамен жүру оңай емес екеніне келісемін. Алайда еліміздің премьер-министрі айтқандай «Өзімді қорғай отырып, сізді де қорғаймын» деген сөзіне қосылам. Сондықтан маскаға үйреніп, оны тағып жүруіміз керек" деді.

Компаниялар, өндіріс орындары және мектептер әзірге бұрынғы режимде жұмыс істеуде. Ал қызметкерлер мен оқушылардан вирус анықталса, сыныптар не жеке департаменттер карантинге жабылатын болады. Қазір елде 6 мектеп жұмысын тоқтатты. Аймақта сауда орындары 22:00-ге дейін, ал кафе, бар және мейрамханалар түнгі 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал қоғамдық іс-шаралардың өткізілуіне тыйым салынды.

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: