Бір тәулікте 19 мың адамнан коронавирус анықталды

Қазан 26, 2020 | 161 |

Италияның денсаулық сақтау министрлігі соңғы 24 сағат ішінде 19 143 адамнан коронавирус анықталғанын айтты.

E-GAZET.KZ.     Бұл туралы ҚазАқпарат ANSA агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Сонымен қатар соңғы тәулікте қауіпті вирустан 91 адам көз жұмған. 1000-нан аса пациент жансақтау бөлімінде жатыр. Сондай-ақ, 10 549 италиялық ауруханада ем алып жатыр. Еске салсақ, коронавирустың ушығуына байланысты Еуропаның бірқатар елі карантин шараларын күшейтуде. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өзі пандемияның ең қиын кезеңіне дайын болуға шақырды.

Өзге де соңғы жаңалықтар Telegram желісінде, бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: