• Басты бет
  • Әлем
  • Болат Назарбаевтың құдасы, Малайзияның экс-премьері 12 жылға сотталды

Болат Назарбаевтың құдасы, Малайзияның экс-премьері 12 жылға сотталды

Шілде 29, 2020 | 302 |

Малайзия соты елінің бұрынғы премьер-министрі Наджиб Разакты мемлекеттік инвестициялық қордан ақша ұрлады деген айыппен 12 жылға түрме жазасына кесті.

28 шілдеде сот экс-премьерді қызметін асыра пайдаланды, көлеңкелі ақшаны заңдастырды деген баптар бойынша айыпты деп таныды. Оған сонымен бірге 49,3 млн доллар айыппұл төлеуді міндеттеді. Сот Наджиб Разакты сот үкімі күшіне енгенше, бостандыққа жіберді.

Наджиб Разак 2009 жылы үкімет басшысы болып тұрғанда өзі құрған 1MDB инвестициялық қордан ақша жымқырғанын мойындамады. Сот материалында айтылған қаржы мемлекеттік қор жанынан құрылған SRC International компаниясына тиесілі 10 млн долларға қатысты.

АҚШ тергеушілері мемлекеттік қордан кемінде 4,5 млрд доллар ұрланып, күрделі желілер арқылы заңдастырылған деп отыр. Бұл қаржы қымбат зәулім үйлер, бағалы заттар сатып алуға жұмсалғаны айтылады.

Наджиб Разактың қызы Нуриана Наджва Болат Назарбаевтың ажырасып кеткен әйелінің ұлына Данияр Кесикбаевқа (оның фамилиясы Назарбаев болған) тұрмысқа шыққан.

Наджиб Разак күйеу баласы Данияр Назарбаев әрбірі кемінде он мың доллар тұратын сөмкелерді қызы мен әйеліне сыйлады деген. Наджиб Разактың қызы Нуриана Наджва Данияр Кесикбаевқа (БАҚ оның фамилиясы Данияр Назарбаев болғанын жазады) тұрмысқа шыққан.

Наджибтің әйелі мен онымен бірге жұмыс істеген жоғары лауазымды шенеуніктерге де мемлекет қаржысын ұрлады деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: