• Басты бет
  • Әлем
  • Дәрігер Трамптың коронавирусқа қарсы не қабылдап жатқанын айтты

Дәрігер Трамптың коронавирусқа қарсы не қабылдап жатқанын айтты

Қазан 03, 2020 | 125 |

Дәрігер Трамптың коронавирусқа байланысты не қабылдап жатқанын айтты. Бұл туралы РИА Новости жазды

E-GAZET.KZ.   "Күннің екінші жартысында (Вашингтон уақытымен жұма) президент шаршаңқы, бірақ көңіл-күйі жақсы", - деді Конли Ақ үй таратқан меморандумда.

Оның айтуынша, Трампқа Regeneron фирмасынан антиденелер коктейлі салынды, бұл кей зерттеушінің пікірінше, қандағы вирустың деңгейін төмендете алады.

Сонымен қатар, Трамп мырыш, D дәрумені, фамотидин, мелатонин және аспирин қабылдап жатыр.

Коронавирус анықталған бірінші ханым Мелани Трампта тек "жұмсақ жөтел мен бас ауруы" байқалады, деді Конли.

Айта кетейік, АҚШ президенті әскери госпитальға көшті. Vanity Fair басылымы оның жағдайы нашарлап, жөтел мен дене қызуы пайда болғанын жазды. Онда Ақ үйдегілер маусымда 74 жасқа толған президенттің денсаулығына алаңдаушылық бар екені хабарланды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: