• Басты бет
  • Әлем
  • Еуроодақ елдері коронавирустың жаңа түріне байланысты Ұлыбританиямен әуе қатынасын үзе бастады

Еуроодақ елдері коронавирустың жаңа түріне байланысты Ұлыбританиямен әуе қатынасын үзе бастады

Желтоқсан 21, 2020 | 250 |

Еуроодақта бірнеше мемлекет Англияның оңтүстік-батысында Covid-тің жаңа штамының тарауына байланысты Ұлыбритания мен әуе қатынасты тоқтатты. Бұл туралы бірінші болып Бельгия мен Нидерланд хабарлады. Бельгия Еуротоннель арқылы Лондонмен жалғайтын теміржол қатынасын да үзді, деп жазады azattyq.org

E-GAZET.KZ. Ізінше Франция, Германия бар оннан астам мемлекеттің Ұлыбританиямен әуе байланыстарын тоқтатқаны белгілі болды. Бұл мәселені ЕО өкілдері осы аптада талқылайды.

Израиль өз азаматтарынан өзгелерді кіргізбеу туралы шешім қабылдады. Лондоннан келген Израиль азаматтары екі апта карантинде болуға тиіс.

Жақында Ұлыбритания Англияның оңтүстік-батысы мен Лондонда 4-деңгейлі локдаун енгізген. Британия басылымдары Рождество мерекесіне байланысты қоғамдық іс-шаралар өтпейтінін жазып жатыр. Мейрамханалар мен дәмханалар ашылмайды. Тұрғындарға үйден себепсіз шығуға тыйым салынған. Бірнеше отбасының Рождествоны бірлесіп мерекелеуіне де болмайды. Шектеу кемі 2 аптаға созылады.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның айтуынша, коронавирустың жаңа түрі вирустың әдеттегі түріне қарағанда 70 пайыз жылдам тарайды. Бірақ дәрігерлер оның адам өміріне аса қауіпті емес және вакцинацияға да әсері жоқ деп санайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 20 желтоқсанда коронавирустың жаңа белгісі Италия, Нидерланд, Дания, Австралияда анықталғанын хабарлады.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: