FIFA жыл футболшысын атады

Желтоқсан 18, 2020 | 241 |

Халықаралық футбол федерациясы («FIFA) онлайн-форматта өтіп жатқан ресми ашылу рәсімінде жыл қорытындысын шығарды. Ерлер футболындағы жылдың үздік ойыншысы болып Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат championat.com.сайтына сілтеме жасап.

E-GAZET.KZ. Ол осы жүлдеге таласқан «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду мен «Барселона» шабуылшысы Лионель Мессиді басып озды.

Марапаттау рәсімінің онлайн форматына қарамастан, FIFA президенті Джанни Инфантино марапатты жеңімпаздың қолына тапсыру үшін Мюнхенге келді.

Бұл – 32 жастағы футболшының алғашқы марапаты. Ал сыйлықтың бұдан бұрынғы иегері Лионель Месси еді.

2020 жылы Левандовски «Бавария» құрамында чемпионатты және Германия кубогын жеңіп алып, УЕФА чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Роберт Бундеслиганың да, Чемпиондар лигасының да үздік бомбардирі болды. FIFA марапаты француздық France Football басылымы ұсынатын «Алтын доп» сыйлығынан өзгеше. 2020 жылы журнал ең жақсы ойыншыны таңдамауға шешім қабылдаған еді.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: