Грекиядағы ең жас депутат Шымкентте дүниеге келген болып шықты

Шымкентте дүниеге келген Мария Апациди Грекия парламентіндегі ең жас депутат болып табылады, деп хабарлайды zakon.kz.
E-GAZET.KZ. ҚР Сыртқы істер министрлігінің желідегі парақшасында Қазақстанның елшісі Алексей Волковтың Грекия парламентінің мүшесі Мария Апацидимен кездескені туралы ақпарат жарияланды. Сондай-ақ грек депутатының Шымкентте дүниеге келгені және Грецияның заң шығарушы органындағы ең жас өкіл екені де атап көрсетілген.
Волков пен Апациди қос ел арасындағы екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.
Апациди қазақстан-грек ынтымақтастығын, онда да оны парламентаралық диалог арқылы кеңейтуді жақтайтынын айтты.
- Қазақстанның тумасы болып табылатын депутат өткен ғасырдың соңында тарихи Отанына оралған этникалық гректердің қазіргі Қазақстанға деген қызығушылығы артып отырғанын атап өтті, дейді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі.
Өзара туристік потенциалды едәуір кеңейту бойынша қос тарап пікір алмасты.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!
Өзге де өзекті мақалалар:
- Ресейде коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша рекорд тіркелді
- Қытайдың ғарыш аппараты айға қонды
- "Басқаның басына бермесін" - Назарбаев Әблязовтың сатқындығын айтты
- Қазақстанда көлік қымбаттауы мүмкін
- Бір тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталғаны белгілі болды
- Әйеліне памперс жегізген тиран-еркек 6 жылға сотталды
- Түркістан астана болмайды – Елбасы Назарбаев
- Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады
- Байқоңыр тұрғындары табиғи газ тұтынатын болды
- 150-ден астам отбасы баспаналы болды
- Қарағанды облысында үш тонна мұнай төгіліп қалған