Илон Масктың зымыраны сынақ кезінде жарылды

Желтоқсан 10, 2020 | 181 |

Илон Масктың Марсқа ұшуға арналған зымыраны сынақ кезінде жарылды.

E-GAZET.KZ. SpaceX компаниясының Марсқа ұшуға арналған Starship зымыран үлгісі сынақ кезінде жарылды. Техастағы Бока-Чика полигонынан ұшқан зымыран 5 минут өте қажетті биіктікке көтеріліп, кейін төмен түсе бастаған. Сөйтіп жерге қонар кезде ғарыш кемесі жарылып кеткен. Компания өкілдерінің айтуынша, апатқа қозғалтқыштағы ақаулар себеп болған. Дегенмен, SpaceX басшысы Илон Маск сынақ жұмыстарын жоғары бағалап отыр. Айта кетейік, аталған компания Starship кемелерін Ай мен Марсқа адамдар мен жүк тасымалдау үшін құрастырып жатыр. Жоба авторларының сөзінше, зымыран тасығыш көп рет қолдануға шыдауы керек және орбитаға 100 тоннадан артық жүк тасымалдай алуы тиіс.

МАЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: