Испания төтенше жағдай енгізді

Қазан 10, 2020 | 88 |

Испания астанасы Мадрид қаласында 15 күнге төтенше жағдай енгізілді.

E-GAZET.KZ.   Бұл қаладағы коронавирустың таралу ауқымын төмендету мақсатында жасалып отыр, деп хабарлайды ВВС.

Мадрид пен оған жақын орналасқан қалалар оқшауланады. Карантин талаптарының сақталуын 7 мың полиция қадағаламақ. Карантиннің жаңа талаптарына сәйкес, Мадрид пен тағы тоғыз қалаға нақты себепсіз қатынауға шектеу қойылған.

Жергілікті мейрамханалар мен дәмханалар кешкі сағат 23:00-ге дейін жабылуы тиіс.

Сонымен қатар отбасылық шаралар алты адамнан аспауы қажет. Мадрид билігі өкілдері, коронавируспен ауыратын науқастардың саны азайту үшін, төтенше жағдай енгізу негізсіз деген пікірде.

Ал денсаулық сақтау министрі Мадрида Энрике Руис Эскудеро қабылданған шешімнің нәтижесі болатындығы алға тартып отыр.

Өзге де соңғы жаңалықтар Telegram желісінде, бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: