Қаптаған боттар қырғыз халқын жамандауға кірісті

Қазан 09, 2020 | 149 |

Қырғыз халқын жамандау тенденциясы үрдіс алып жатыр! "Қырғыздар жабайы", "жексұрын", "Тыныштықтың жауы" деген тұрғыдағы посттар қаптап кетті, дейді желіде Серік Боқан деген қазақ.

E-GAZET.KZ.   Мұны жазып отырғандар боттарды қоспағанда, аталмыш қаламкеш зиялысымақтар. Осының ұшар басында Қырғыздарды айыптап мақала жазған Қазыбек Иса ағамыз тұр! "Өзгенің қатесінен үйренбейік! Бізде де алда сайлау тұр" деген тақырыппен, дейді пост авторы.

Жазушы жорналшылардан анда-санда біреу болмаса халыққа пайда жоқ екен.

Осы үрдіске қарап отырып, бізге демократия мен шын бостандық болуы мүмкін еместей көрінді. Өйткені демократияны тұрпайы көрсетіп, жабайы көру біздің ұлттық мемлекет болуымыздың мүмкін еместігін аңғартты. Көзі ашық адам түңілетіндей! Демек, демократияны құбыжық етіп, авторитарлы билікті сүйкімді көру арқылы салданған жүйенің ғұмырын өз қолымызбен ұзартып жатқанымызды терең түсіндім, деп қосады ол.

"Жақсылық көрсем өзімнен, жамандық көрсем өзімнен" деген даналық сөзге келіп маңдайымызды соғамыз!

Өзінің еркін халық екенін көрсеткен халықты "жабайы" деп үрке қарауымыздың өзі біздің құлақ кесті құлдыққа әбден үйреніп кеткендігімізіді дәлелдей түседі! Біздің халықты шын бастап шығар ағартушы тұлға керек. Құлға айналған Исрайыл қауымын бостандыққа үйреткен Мұса керек! Онсыз бұлқын, шыңғыр ештеңе өнбейді. Ит пішкен иесін жақсы көреді дейді, сондықтан біз құлдықты жақсы көреміз. Тыныштық сүйгішпіз деп бір-бірімізді норкоздаймыз! Біздің надандығымыз бізді күніне мың өлтіріп бара жатыр, осыдан қалай құтылсақ екен. "Дүниеде ең үлкен түрме - надан адамның бас сүйегі", дейді Француз ойшылы Мишел, деп аяқталыпты әлгі жазба.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: