• Басты бет
  • Әлем
  • Қазақстан елшісі: «Гянджа қаласын кезекті зымыранмен атуды және бейбіт халықтың қырылуын қатаң айыптаймын»

Қазақстан елшісі: «Гянджа қаласын кезекті зымыранмен атуды және бейбіт халықтың қырылуын қатаң айыптаймын»

Қазан 21, 2020 | 62 |

Қазақстанның Әзербайжан Республикасындағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов армян-әзірбайжан қақтығысының ушығуына байланысты мәлімдеме жасады.

E-GAZET.KZ.    1news.az хабарлағандай Сержан Әбдікәрімов армян қарулы күштері тарапынан бейбіт қалаларды, олардың тұрғындарын және азаматтық нысандарды атуды айыптады.

"Аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіретін Таулы Қарабақтағы армян-әзірбайжан қақтығысының өршуіне үлкен алаңдаушылық білдіремін. Халықаралық гуманитарлық құқық шеңберіндегі міндеттемелерді ескере отырып, бейбіт қалаларды, олардың тұрғындары мен азаматтық объектілерді ату адамгершілікке жатпайтын және жол берілмейтін іс деп санаймын. Осыған байланысты мен Гянджа қаласындағы жазықсыз балалардың өлімін қатты өкінемін. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін. Қазақстанның бұрын айтылған және өзгермейтін ұстанымы аясында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қабылдаған қарарларына сәйкес Әзербайжанның халықаралық құқығы мен аумақтық тұтастығы қағидаттары негізінде жанжалды бейбіт жолмен реттеу қажеттілігін тағы да растаймын", - деді ол.

Өзге де соңғы жаңалықтар Telegram желісінде, бізге жазыл! 

 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: