• Басты бет
  • Әлем
  • Қырғыздар бар ақшасын жинап, Қытай алдындағы қарызынан құтылмақ

Қырғыздар бар ақшасын жинап, Қытай алдындағы қарызынан құтылмақ

Қазан 19, 2020 | 212 |

Қырғызстанда мемлекеттің Қытайға қарызын өтеу үшін ақша жинау туралы ұсыныстар айтылды. Бұл туралы 19 қазанда Жогорку Кенеш депутаты, "Әйелдер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің басшысы Айнұр Алтыбаева хабарлады, деп жазады centralasian.org.

E-GAZET.KZ.   "Бірлестік ақша жинамайды. Біз осы процестің басталуын ғана ұйымдастырамыз. Дайындық жүріп жатыр, мемлекеттік банктен есеп ашуға келісіп қойдық. Төлемдер сайтта көрсетіледі, бәрі әділ өтеді", - деді Алтыбаева.

Қыркүйекте Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И Қырғызстанда ресми сапармен болды. Қырғызстанның сол кездегі президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесуде Пекинге берешекті төлеу мерзімін созу мәселесі талқыланған.

Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, Қырғызстан сыртқа 4 млрд 169,6 млн доллар (320 млрд 39,21 млн сом) қарыз. Соның 1 млрд 776,29 млн доллары (42,6%) Қытайдың Эксимбанкінен несие ретінде алынған.

Өзге де соңғы жаңалықтар Telegram желісінде, бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: