• Басты бет
  • Әлем
  • Коронавирус жұқтырған Украина президенті ауруханаға жатқызылды

Коронавирус жұқтырған Украина президенті ауруханаға жатқызылды

Қараша 12, 2020 | 64 |

Украина президенті Владимир Зеленский мен оның Президент офисі басшысы Андрей Ермак «Феофания» ауруханасында ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Президент офисі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформ агенттігіне сілтеме жасап.

E-GAZET.KZ. Оның айтуынша, ауруханада президенттің бейнебайланыс арқылы жиналыс өткізуі үшін жабдықталған арнайы кабинет бар.

«Ол оқшауланған палатада жатыр. Сәйкесінше онда арнайы байланыс орнаитылған», - деп атап өтті Подоляк.

Оның айтуынша, Ермактың жеке оқшауланған палатасы бар, бірақ арнайы кабинет емес. «Феофаниядан» президент пен оның Кеңсесінің басшысы жұмысын жалғастыруда.

«Оларда стандартты кесте бар. Жалғыз шектеу – оқшаулау, жанында ешкім жоқ. Яғни көмекшілердің ешқайсысы президенттің немесе кеңсе басшысының жанында емес, олар коммуникациялық офлайнда», - деп түсіндірді ол.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: