• Басты бет
  • Әлем
  • Лукашенко Беларусь президенті қызметіне ресми кірісті

Лукашенко Беларусь президенті қызметіне ресми кірісті

Қыркүйек 23, 2020 | 89 |

Александр Лукашенко Беларусь президенті қызметіне кірісті. Ұлықтау рәсімі Беларусьтің Тәуелсіздік сарайында өтті.

Президентті ұлықтау рәсіміне бірнеше жүздеген адам шақырылған. Олардың арасында жоғары лауазымды тұлғалар, Өкілдер палатасының депутаттары мен Республика кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, жергілікті атқарушы және үйлестіруші органдар, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері болды.

Оң қолын Конституция кітабына қойған Александр Лукашенко антын туған тілінде берді. А.Лукашенко ант қабылдау туралы актіге қол қойған соң, Беларусь Орталық сайлау және республикалық референдумдарды өткізу комиссиясының төрағасы Лидия Ермошина оған Беларусь Республикасы Президентінің куәлігін табыстады.

Еске салайық, Беларусьта президент сайлауы 9 тамыз күні өтті. ОСК мәліметінше, Александр Лукашенко үшін сайлаушылардың 80,1 пайызы дауыс берген. Ел бойынша сайлауға қатысу 84,28 пайызды құрады.

Елде 9 тамыздан бері наразылық шаралары жалғасып келеді. Наразылар президент сайлауының қорытындысы бұрмаланды деп есептейді. Олар Лукашенко отставкаға кетіп, елде жаңадан әділ сайлауы өтуі тиіс дейді.

66 жастағы Беларусь басшысы наразылыққа шыққандарды күшпен басып, көптеген азаматтар қамау орындарында азаптауға ұшырағанын айтқан.

Бұған дейін оппозиция жетекшісі Светлана Тихановская инаугурация өткізу заңсыз болады деп мәлімдеген.

17 тамызда Беларуcь үкіметі жаңадан сайланған президент алдында отставкаға кетіп, 20 тамызда Лукашенко ел премьер-министрін тағайындап, үкімет құрамын бекітті.

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: