• Басты бет
  • Әлем
  • Ресей спортшылары екі жыл ел туымен жарысқа қатыса алмайды

Ресей спортшылары екі жыл ел туымен жарысқа қатыса алмайды

Желтоқсан 18, 2020 | 215 |

Ресей спортшылары 2022 жылдың 16 желтоқсанына дейін, екі жыл бойы елдің ұлттық туы мен жарысқа қатыса алмайды. Дүние жүзі және Ресей антидопинг агенттіктерінің арасындағы дауға байланысты спорттағы арбитраж соты осындай шешім шығарды. Дүниежүзілік антидопинг агенттігі  WADA Ресей спортшыларын төрт жыл бойы ірі халықаралық жарыстарға қатыстырмауды сұраған, деп жазады azattyq.org тілшісі.

E-GAZET.KZ. Бұған қоса, Ресей екі жыл бойы халықаралық спорт жарыстарын, олимпиадалар өткізе алмайды. Бұл шектеудің құрлықтық додаларға қатысы жоқ. Мәселен, 2021 жылы жазда Ресейде Еуро, ал 2022 жылы Чемпиондар лигасы өткізіледі.

Оның үстіне, Ресейдің допингке қарсы агенттігі WADA-ға 2019 жылғы қаңтардан сот шешімі шыққанға дейінгі аралықтағы шығындарының өтемі үшін 1 миллион доллардан астам ақша төлеуі керек.

  • 2019 жылы 9 желтоқсанда WADA-ның атқарушы комитеті Ресейді төрт жыл халықаралық жарыстарға, соның ішінде олимпиадалар мен әлем чемпионаттарына қатысу құқығынан айырған. Ал допинг тексеруі дұрыс шыққан ресейлік спортшылар бейтарап статуспен додаға қатыса алады. Халықаралық ресми спорт шараларында Ресей әнұранын ойнатып, туын көтеруге тыйым салынады.
  • 2019 жылғы 27 желтоқсанда Ресейдің допингке қарсы агенттігі ел спортшыларын халықаралық жарыстарға төрт жыл қатыстырмау туралы шешіміне қарсылық білдіріп, WADA-ға хат жіберген.
  • Қаңтарда WADA Ресейдегі допинг мәселесіне байланысты Лозаннадағы Халықаралық спорттағы арбитраж сотына қайырылған.
  • Ресей спортындағы допинг дауы бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Ресей билігі мемлекеттік деңгейде допинг бағдарламасы бар деген пікірді жоққа шығарады.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: