• Басты бет
  • Әлем
  • Ресейде коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша рекорд тіркелді

Ресейде коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша рекорд тіркелді

Желтоқсан 02, 2020 | 99 |

Ресей Федерациясында кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауырып қайтыс болғандар саны бойынша рекорд тіркелді, - деп хабарлайды РИА Новости.

E-GAZET.KZ.   Кейінгі тәулікте коронавирустың асқынуынан 589 ресейлік көз жұмып, рекорд тіркелді. Бұл туралы шұғыл штабтағылар мәлімдеді. Оның ішінде 82 жағдай Санкт-Петербургте, 75 жағдай Мәскеуде және 32 жағдай Подмосковьеде анықталды.

Ресейде пандемия басталғаннан бері 41 053 науқас қайтыс болды. 

Сондай-ақ кейінгі тәулікте 25 345 адам коронавирус жұқтырып, жалпы ауырғандар саны 2 347 401 болды. 26 882 науқас аурудан айығып, жалпы жазылғандар саны 1 830 349-ға жетті. 

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: