Ресейде тірі адамды жерлеген

Октябрь 12, 2020 | 637 |

Ресейдің Кемеров облысында коронавирустан қайтыс болған ер адам жерленіп қойған соң тіріліп кеткен. Бұл туралы Gazeta.a42.ru порталына сілтеме жасап nur.kz хабарлады.

E-GAZET.KZ.  Ленинск-Кузнецкий аймағы, Шабанов ауылының тұрғынына мүгедектер интернатында жатқан атасының коронавирустан қайтыс болғанын айтып, хабарласқан. Алайда жабық табытқа салып, ер адамды жердеп қойған соң мекеме өкілі келіншекке хабарласып, оның туысы тірі екенін айтқан. Аталған факті бойынша өңірдің денсаулық сақтау министрлігі тексеріс бастап кеткен. «Кузбасс денсаулық сақтау министрлігінде қызметтік тексеріс жүргізілуде. Комиссия барлық медициналық ұйымдарға барды. Барлық медициналық құжаттар сұралды. Тексеріс аяқталған жоқ», — деді денсаулық сақтау министрінің орынбасары Юлия Брежнева. Сондай-ақ, шенеунік қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Өзге де соңғы жаңалықтар Telegram желісінде, бізге жазыл! 

 

Поделиться ссылкой
О том, как поделиться

Мы в социальных сетях