• Басты бет
  • Әлем
  • "Солтүстік Қазақстан - қазақ жері!". Ресей елшілігі қақпасына осындай жазуы бар плакат ілінді

"Солтүстік Қазақстан - қазақ жері!". Ресей елшілігі қақпасына осындай жазуы бар плакат ілінді

Желтоқсан 14, 2020 | 130 |

Алматыда қоғам белсенділері Ресей консулдығының қақпасына "Солтүстік Қазақстан - қазақ жері!" деген жазуы бар плакатты іліп қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

E-GAZET.KZ. Бұл туралы журналист Бақытжан Бұхарбай өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Ұзынқұлақ маған "Намыс" ұйымының жастары ресейлік депутат Вячеслав Никоновтың Қазақстанның Солтүстік аймағы жайлы айтқан жалған сөздеріне протест білдіріп, Ресей консулдығына "Солтүстік Қазақстан ‒ қазақтың жері" деген плакат ілгенін жеткізді. Меніңше, жігіттер бұдан әрі барып, "Орынбор ‒ қазақтың жері" деп сойып салуы керек еді. Сонда симметриялы жауап болушы еді. Не болса да, жарады", делінген жазбада.

Сондай-ақ онда наразылық танытушы жігіттерді полиция қызметкерлері ұстап алып кеткені де айтылған.

МАЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: