Түркияда 6,6 балдық жер сілкінісі болды

Қазан 31, 2020 | 115 |

Жұма күні Түркияның батысында магнитудасы 6,6 балдық жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

E-GAZET.KZ.   Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 14.51-де, Измир провинциясы Сеферхисар ауданындағы Эгей теңізінің жағалауында тіркелген.

Зілзала ошағы – 16,5 шақырым тереңдікте. Жер сілкінісі 15 секундқа созылып, Түркияның батысындағы көптеген провинцияда сезілген.

Түркия ІІМ хабарлауынша, зілзала салдарынан Измир қаласының Борнова және Байраклы аудандарында алты тұрғын үй қираған. Зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ.

Өзге де соңғы жаңалықтар Telegram желісінде, бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: