Түркияда демалыс күндеріне локдаун енгізілді

Желтоқсан 01, 2020 | 152 |

Түркияда коронавирустың өршуіне байланысты жұмыс күндері коменданттық сағат енгізілді. Бұл туралы ел президенті Реджеп Тайип Ердоған мәлімдеді деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

E-GAZET.KZ. Елде 1 желтоқсаннан бастап кешкі 9-дан таңғы 5-ке дейін сыртқа шығуға тыйым салынды. Тіпті демалыс күндері толық локдаун іске қосылатын болды. Халық жұма күні кешкі 21:00-ден бастап, дүйсенбі күні таңғы 5-ке дейін сыртқа шыға алмайды. Азық-түлік дүкендері тек үйге жеткізу қызметі бойынша жұмыс істейді. Сондай-ақ монша, сауна мен ойын сауық орындары уақытша жұмысын тоқтатты. 65 жастан асқан және 20 жасқа дейінгі азаматтар қоғамдық көлікке міне алмайды.

Президент Ердоғанның сөзінше, жергілікті провинциялар аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты қосымша сақтық шараларын енгізе алады.

Айта кетейік, Түркияда соңғы тәулікте коронавирусты 31 мыңнан астам адам жұқтырып, қауіпті індеттен 188 науқас көз жұмды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, бұл елде пандемия басталғалы ең жоғарғы көрсеткіш

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: