Хабиб Нурмагомедов Қазақстанда турнир өткізбек

Желтоқсан 02, 2020 | 178 |

Мәскеуде өтіп жатқан баспасөз мәслихаты кезінде Хабиб Нурмагомедов жуырда сатып алған EFC промоушені туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz

E-GAZET.KZ.   "Ресейді біз келесі жылы алты турнир өткіземіз. Мәскеу, Нижний Новогород, Дағыстан, Красонодар және Самара қалаларында өтеді. Мамырда Ташкентте, наурызда Бішкекте турнир өткізуге келістік. Қазақстанда екі турнир өтеді. Қаңтарда UAE Warriors ұйымымен бірлесіп бір турнир болады. Әбу-Даби қаласына барып, сол жақта жарыс ұйымдастыру ойда бар. Жалпы бір жылда 12 турнир өткізуді жоспарлап отырмыз", - деді UFC чемпионы. 

Сондай-ақ Нурмагомедов қазақстандық Arlan MMA Pro Team командасы туралы ойын бөлісті. 

"Иә, мен бұл команда туралы естігенмін. Ол командада мен жақсы достарым бар. Барлығына сәттілік тілегім келеді. Мұндай командалардың көбеюі спортшылар арасында бәсекелестікті арттырады. Көптеген жігіт бізде, яғни Дағыстанда дайындық жұмыстарын өткізген. UFC ұйымында өнер көрсететін бірнеше жігіті бар. Жалпы өте мықты команда", - деді ресейлік спортшы. 

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: