Үндістанда белгісіз ауру тарап жатыр

Үндістанның Элуру қаласында үш жүзге жуық адам белгісіз ауруды жұқтырды, деп хабарлайды holanews.kz The Hans India-қа сілтеме жасап
E-GAZET.KZ. Дәрігерлердің айтуынша, Андхра-Прадеш штатының Элуру қаласындағы науқастардың жүрегі айнып, кейбірі тіпті есін жоғалтқан.
Мемлекеттік аурухананың медициналық қызметкерінің айтуынша, науқастар, әсіресе балалар жүрегі айнығанын айтқан. Біреулерінің сіңірі тартылып қалған.
Енді Үндістан билігі белгісіз аурудың себебін анықтамақ. Айта кетейік, осы белгісіз дерт салдарынан 140 науқас ауруханаға жатқызылған. Ал жұқтырғандар саны — 300.
Сондай-ақ, тағы бір науқастың қайтыс болғаны айтылады.
Штаттың денсаулық сақтау министрі Кришна Сринивас қан сынамаларынан вирус инфекциясы анықталмағанын айтты.
МАЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!
Өзге де өзекті мақалалар:
- Қазақстанда тағы 4 ауыл карантинге жабылды
- Алматыда карантиндік шаралар қашан күшейтіледі?
- Әлемдік БАҚ: Айсұлтан Назарбаев неден қайтыс болды?
- "Дәрігер болғаныма өкінемін"(Видео)
- 8 жастағы баланы зорлап, камераға түсірген
- Алматыда жол бойында шахмат ойнаған пранкерлердің видеосы тарады
- Қазақстанға Ресейден шошқа өнімдерін әкелуге тыйым салынды
- Кейінгі тәулікте қанша адамнан пневмония анықталды?
- Мұғалімдерге қырындаған мектеп директорының үстінен шағым түсті