Жапония Қытай мен Ресейді тәубесіне түсірмек

Қыркүйек 23, 2020 | 83 |

Жапонияның 2021 жылғы әскери бюджеті 51,5 миллиард доллар болмақ. Ел тарихында әскери салаға бұрын-соңды мұндай аса қомақты қаржы бөлінбеген. Бұл туралы Yahoo News Japan хабарлады.

E-GAZET.KZ. Жапон әскерилері жаңа жоғары технологиялық бағыттарға, атап айтқанда, электронды соғыс саласын дамытуға күш салуды көздеп отыр. Сарапшылардың айтуынша, Жапония соңғы жылдары ірі әскери державаға айналуға ұмтылып келеді. Жапон баспасөзінің хабарлауынша, бұл әскери бюджет Солтүстік Кореяны ғана емес, Қытай мен Ресейді де тәубәсіне түсіруге жетеді. Жапонияның әскери шығыны 2021 жылы биылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3 миллиард долларға артқан. Жалпы, соңғы 7 жылда үздіксіз өсіп келеді.

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: