«Жасыл» экономика мәселелері жөніндегі халықаралық конференция өтуде

Бүгін Нұрсұлтан қаласы «Астана Экспо» аумағында орналасқан «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (ХЖТИЖО) алаңында «Жасыл» экономика және ең озық қолжетімді технологиялар (ЕҚТ) қағидаттарына көшу мәселелері бойынша II Халықаралық конференциясы өтуде, деп хабарлайды e-gazet.kz тілшісі
E-GAZET.KZ. Конференцияны Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы, Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – «жасыл» экономика және ЕҚТ енгізу мәселелері бойынша ашық және жсындарлы диалог үшін тиімді коммуникативтік алаң құру, Қазақстанның «жасыл» технологиялар және ЕҚТ саласындағы әлеуетін арттыру, сондай-ақ көпжақты ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар Вице-министрі Пірімқұлов Ахметжан Әбдіжәмілұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Қазжанова Жанна Амангелдіқызы конференцияның басты спикерлері дәрежесінде сөз сөйледі. Іс-шараға таяу және алыс шетелден келген сарапшылар да қатысуда.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!
Өзге де өзекті мақалалар:
- · Аида Балаева: Қазақстандық БАҚ бәсекеге қабілеттілігін көрсетіп келеді
- · Көлік ұрлаған 22 жастағы жігіт жол апатынан көз жұмды
- · Мұнайдың әлемдік бағасы тағы өсті
- · Apple тағы бір жаңа өнімін таныстырды
- · Байқоңырда өз қызын зорлаған педофил сотталды
- · Коронавирустан тез жазылуға көмектесетін екі тамақ өнімі анықталды
- · Шымбұлақ пен Медеу мұз айдыны қашан ашылады?