• Басты бет
  • Қоғам
  • “Қазақстанда бәрі сатылады” деп жар салған волейболшы ойыннан қуылды

“Қазақстанда бәрі сатылады” деп жар салған волейболшы ойыннан қуылды

Қараша 17, 2020 | 335 |

"Қазақстанда бәрі сатылады" деп тікелей эфирде жар салған волейболшы Алеся Сафронова осы бір ауыз сөзі үшін чемпионат аяғына дейін жарыстан шеттетілді, деп хабарлайды  КТК телеарнасы.

E-GAZET.KZ. Волейбол федерациясы Сафронованың бұл сөзі үшін басынан сипамады. Төрешілер алқасы әйелдер арасында волейболдан өтіп жатқан 29-шы чемпионаттың аяғына дейін Сафронованы жарыстан шеттету туралы шешім қабылдады. Бірақ, санкция мұнымен шектелмеуі мүмкін. Федерация жарыс аяқталғасын, спортшының мәселесі спорттық комиссияның күн тәртібінде көтерілетінін жеткізді. Ал, Сафронованың өзі тікелей эфирде айтқан түйдек сөзін ашумен айттым деп түсіндірді.

Ермек Сырлыбаев, ҚР Волейбол федерациясының бас хатшысы:

- Алдымен, ол Федерацияда бірнәрсе сатылатынын дәлелдесін. Оның дәлелі бар ма? Бұл негізі сотта қаралатын жағдай. Бізде ең әділ төрешілер. Біздің арбитрлардың әлемде рейтингі жоғары. Қандай жағдай болмасын адам өзін қадағалап, айтқан сөзіне жауап беруі керек!

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: