10 жастағы қыз кір жуғыш машинадан шыға алмай қалған

Қазан 12, 2020 | 569 |

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар кір жуғыш машинаның барабанында қалып қойған 10 жастағы қызды аман алып қалу үшін аппаратты бөлшектеуге мәжбүр болған. Бұл туралы облыстық ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

E-GAZET.KZ.  «Белый камень ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде 10 жастағы қыз кір жуғыш машинаның барабанынан шыға алмай қалған. Құтқарушылар келген бойда кір жуғыш машинаны бөлшектеп, баланы шығарып алды.

Қыздың тығылысқпақ ойнап, кір жуғыш машинада жасырын болғаны анықталды. Содан өз бетімен шыға алмаған», — делінген хабарламада. Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері қызды тексеріп, оның зардап шекпегенін айтты.

Өзге де соңғы жаңалықтар Telegram желісінде, бізге жазыл! 

 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: