• Басты бет
  • Қоғам
  • 144 миллиард теңгені жымқырған экс-банкирге қандай жаза қолданылды

144 миллиард теңгені жымқырған экс-банкирге қандай жаза қолданылды

Қараша 16, 2020 | 298 |

Экс-банкир Жомарт Ертаев мүлкі тәркілене отырып, 11 жылға сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

E-GAZET.KZ.  Экс-банкир Bank RBK-дан 144 миллиард теңгені жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Ертаевты 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.

Банкир сотта өз кінәсін мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрады. Соттағы оның жүрек жарды сөзі көптің назарын өзіне бұрып, жұртты дүдамал күйге түсірді. Бұл хайп па, әлде банкирдің сол сәттегі шынайы күйі ме, көп осыны ажырата алмай біразға дейін дал болды. Ол: "Маған Құдай миды аямай берген, бірақ бір сәтте мен ар-ұят дегенді ұмыттым" деп өз сөзін бастаған экс-банкир барахолкада киім сатқанын да есіне түсірді. Сотта Ертаев бостандыққа шыққаннан кейін "Бүреудің мүлкіне қол сұқпа" және "Нағыз бақыт деген не?" деген тақырыптарда кітап жазып, дәріс оқитынын да атап өтті.

Оған қоса, бұл іске қатысты тағы 36 адам қоса тергелді.

Экс-банкир басқа қылмыстық іс бойынша да айыпталуда. Ол бөтеннің мүлкін алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы аса ірі көлемде ұрлауды ұйымдастырды деп айыпталуда. Bank RBK, "Арнайы Қаржы Компаниясы DSFK" ЖШС, Qazaq Banki және Еуразиялық банк жәбірленушілер деп танылды.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: